Бүгін мектебімізде “Балалар кітапханасы” жобасы аясында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Абай оқулары ұйымдастырылды.
Оқушылар дана ақынның өлеңдерін жатқа оқып, қара сөздерінен ой түйіп, рухани азық алды.
Мақсатымыз – ұлы тұлғаның мұрасын жас ұрпақтың санасына сіңіру, әдебиетке деген сүйіспеншілікті арттыру.
Абай әлемі – тәрбие мен тағылымның қайнар көзі.