Білім басқармасының және облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмінің орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау облысының оқушыларының Семей қаласына танымдық сапары.
Ағымдағы жылдың 2-5 тамыз күндері аралығында Семей қаласының тарихи-мәдени ескерткіштерімен, көрікті жерлерімен, тарихымен танысу мақсатында білім алушыларға арналған 3 күндік экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияға мектебіміздің оқушысы “Табиғатты аяла” жас өлкетанушылар жобасынан ауданнан 1 орын, облыстан 2 орын иегері 6 “А” сынып оқушысы Жақсылық Жания барып келді.
Экскурсия соңында оқушылар жаңа ортада достар тауып, алған әсерлерімен қуана бөлісіп, керемет көңіл күймен ата-аналарымен қауышты!